ВЕРНУТЬСЯ

Жүгініп аяғыңа мөлдіредім,Білмеймін сені қалай көндіремін?!.Ардақтым-ау,асылым,аяулым-ау,Не болады тағдырым енді менің?!. Қарайсың сонша маған несіне өктем,Көрімді көріп келем несібе еткен.Мен сенің көздеріңе жалтақтаймын,Жел соғып делқұлыдай есі кеткен. Егіз қозы емес пе ек емшекте өскен,Мен шектім-ау,қайғыңды сен шекпестен,Су қылып кірпігіммен жастығымды,Мен саған жылап келем көрсетпестен. Мен сенің қайдан түстім қармағыңа,Аңдумен көзім талды шарбағыңа.Сиқырланған сырнайға әбжыландай,Мен сенің қарап келем бармағыңа.Теңіздей кейде тулап басыламын,Бір өзің аяулы еркем,асыл әнім.Ажал жетсе осыдан жазатайым,Мен сенің балконыңа асыламын. Тамырлап жүрегіме төркіндедің,Үйреткен аң сияқты еркіңдемін,Сен мені тәмам етсең  сүйреп жүріп,Ел-жұртқа мәлім болсын өлтіргенің!.. Күні-түн үйіңді аңдып тұрдым, құрбым,Сен бірақ есесіне  қырғын құрдың.Қысып ап  қыл дұзақпен мойынымнан,Жаным-ау,мұнша неге қылғындырдың?!.