ВЕРНУТЬСЯ

Білемін,Барлығын даБілемін мен,Білем деп зорға қалдым бір өлімнен.Жақсы еді білгенімнен білмегенім,Жанымның шығатынын жүрегімнен!.. Жақсы еді білгенімнен білмегенім,Сүйексіз екендігін тіл дегенің..Білемін,білемін деп...мен жүргенде,Менсіз де болатынын бірдеңенің!.. Білгірдің де білгірі, ғалымы бар,Білмегеннің білгенге  жаны құмар.Тыңдағым да келмейді,есіткім де,Көргенім,білгенімнің бәрі мұнар… Көңілің --қанды қапас,жақұт --тысың,Біледі ел :жатықпысың,батықпысың.Көршіңе қарағанмен күлімсіреп,Жарыңмен білмегесін,бақыттысың…Білімсіз де қиындау,біліммен де,Басқа бәле-білгенің құның кемге…Білгенімнің мен бәлкім арқасында,Қайта тұрып жатырмын…Бүлінгенде!.. Жолдарын жақсылардың жалғастырдым,Сен менен қауіптенбе,қандас құрбым.Өзім үшін өзгені  отқа басып,Мен елімді келмейді алдастырғым. Сене берме сен маған бір көрінген.Айтып тұр деп білгенін шын көңілден.Нәйістерге шындықты айтуға емес,Өтірікті айтуға тіл берілген. Шындықпын деп ол дағы ұрандайды,Тәсіл салып қызыл тіл бұраңдайды.Қасқырдың да шыны бар,түлкінің де,Біреуі ақыл бірінен сұранбайды.Жыланшылап күн кешпей,хайуаншылап,Саған қарап ұмтылдым,қайран шуақ!..Шелегімді жасырып үй артына,Жүргенім  жоқ мен сенен айран сұрап. Демейін, озық жүрдім заманымнан,Көп бірақ жақсылығым жаманымнан.Мен деген он бес жаста анық білдім,Дұшпанның ататынын табанымнан. Өтірік,ымыңды ұқтым,жымыңды ұқтым,Қолыңды сермеместен  бұрын бұқтым.Сенімен достаспадым, сондықтан да,Бір ғұмыр артындамын шымылдықтың. Көнемін, Жаппар Алла, жарлығыңа,Мен сенің тас атпаймын қандығыңа!..Көнбеймін  біле тұра бірақ та мен,Жасаған ағайынның қарлығына!.. Келсейші қайта айналып,өшкен арман,Айналып қарағайға кескен орман.Сыр айтам деп сендерге ақмақ басым,Шынымды айтып отырмын... есте қалған!..                                 19.01.2011 жыл