ВЕРНУТЬСЯ

Менің замандастарым

       Сен таптың ғажап
ырғақ тың, 

Жұлдызбен көкте бірге ақтың.

Жарасын жаздың
соғыстың

Көздегі жасты
құрғаттың,

Менің замандастарым!

Бел баласы Отанның

Сананың тыңын қопардың.

Өгейсіген
құм-шөлге

Өмірді сүйреп
апардың,

Менің замандастарым.

Арманыңмен тел өстің,

Келер күнмен теңестің.

Космоспен
кеңестің

Ақылға жарлы
емессің,

Менің
замандастарым.

Дұшпаның мойып,
жасыған

Құдыретіңе бас
ұрам!

Аналар күні

      Қазағымның пейілі тым кең деймін,

 Басқа уәж айтқандарға көнбеймін.

 Аналарын әлпештеген аялап,

 Біздей халық бар дегенге сенбеймін!

Жеңген қазақ

 Жау жағадан алғанда,

 Бас имеген

 Тіпті, бодан болғанда.

 Туған тілін

 Ана тілім дейтұғын,

 Басқа халық

 Жоқ шығар-ау жалғанда.

Талай ғасыр ауыр азап шеккенде,

 Көз жасымыз енді ғана кепкенде.

 Аналардың арқасында

 Қазағым

 Бұл ғасырға

 Аман-есен жеткенде,

 Жиырма жылда

 Ақылға сап, ойламай,

Өз-өзіңнен жасқанып...

      Жастық шақта, сірә, нені аңғардық,

 Жүруші едік әрнені бір арман ғып.

 Жылдар әрең жылжитындай көрініп,

 «Уақыт неге өтпейді» деп таңғалдық.

Білім қудық.

 Көп іздендік.

 Көп білдік.

 Жастыққа тән аңғалдық һәм өткірлік.

 Қарсы алғанда

 Жаңа келген жылды да

 «Келмей қайда кетуші еді?!» - деп
күлдік.

Жастық дәурен көрген түстей жоғалды,

 Сағынышпен еске алмасақ обал-ды.

 Бір ғажабы -

 Жер ортадан асқанда

 Уақыт енді зырлайтұғын боп алды.

Мосқал тарттық.

Перзент парызы

     Талай жүрек
қайғы-мұңға көмілген, 

Көңіл кірі кез
жасы боп төгілген

Жер шарында,

Жиырмасыншы
ғасырда

Маған-дағы тиіпті
енші өмірден.

Қара түнек құз-шатқалда
тұншығып,

Шұғыласын төкті
маған күн шығып.

Сәлем, саған, нұрлы дүние!

Армысың,

Ажалменен арпалысқан тіршілік!

Құлағың
сал, жайсаң заман, ұлы күн,

Бар қалауым -

Тыныштығың,
тұнығың.

Дарқан тірлік,
қолтығыңнан демеуге

Дүниеге келді
тағы бір ұлың.

Жаңалық

       Сен ауылдан хат жазасың: 

«Бар ма,- дейсің-

жаңалық?

Бізден гөрі көп білерсің,

тұрғынсың
ғой қалалың».

Абзал құрбым,
куәгері сонау балалығымның

Жаңалыққа құштар
досым, сауалыңды ұғындым.

Жаңалық көп:
құрыш қолдар қуатынан жаралып,

Күнде-күнде туып
жатыр туған жерде жаңа алып.

Космонавтар жұлдызша
ағып, жүр жер шарын

айналып,

Замандастар болашаққа көз салады ойланып...

Бірақ мұны қалт
жібермей газеттерден кезінде,

Страницы