ВЕРНУТЬСЯ

      Қазағымның пейілі тым кең деймін,

 Басқа уәж айтқандарға көнбеймін.

 Аналарын әлпештеген аялап,

 Біздей халық бар дегенге сенбеймін!

Жеңген қазақ

 Жау жағадан алғанда,

 Бас имеген

 Тіпті, бодан болғанда.

 Туған тілін

 Ана тілім дейтұғын,

 Басқа халық

 Жоқ шығар-ау жалғанда.

Талай ғасыр ауыр азап шеккенде,

 Көз жасымыз енді ғана кепкенде.

 Аналардың арқасында

 Қазағым

 Бұл ғасырға

 Аман-есен жеткенде,

 Жиырма жылда

 Ақылға сап, ойламай,

 Мәселенің байыбына бойламай,

 Аналардың күнін

 Атап өтпей біз

 Қалай ғана келгенбіз бұл тойламай?!