ВЕРНУТЬСЯ

       Адамзат дүниеде жаралғалы 

Мұхит болар төгілген
адам қаны.

Ленин күн боп
туғанша,

Тірі пенде

Әділетке араша бола алмады.

Сұм заман, сан өмірді
арандаттың,

Қорғасынды өлім
ғып адамға аттың.

Жиырмасыншы
ғасырда біз құтқардық

Бұғаудағы бақытын
адамзаттың.

Өлімді әкеп жеріме сепкен еді,

Талай дұшпан,

Ақыры
көктемеді.

Меймандос,
әділетшіл

Отанымды

Дейді бүгін
дүние: «көктем елі».

Тағы да жайсаң бейбіт күнім күлді

Лақтырдық зәрлі
соғыс жүгін күллі.

Ленин даналығы

Зұлымдарды

Шындықтың аяғына
жүгіндірді.