ВЕРНУТЬСЯ

Ұлы Октябрь - жаңа заман символы,Уа, жас ұрпақ, сен зердеңе түй мұны. Коммунистер күллі әлемге паш еткен «Аврора» үні - әділдіктің гимні.Коммунистер жүректегі мұңды ұқты, Алдан талай тайғақ кешу, сын күтті, Коммунистер ту ғып көкке көтерді Озбыр заман өгейсіткен шындықты.Дарқан елім көсегесі көгерген,Өшпес бақыт шұғласына бөленген, Ол шұғыла - шат күлкісі сәбидің, Сол күлкіден косем нұрын көрем мен.Қара бұлт та мөлдір көкте адасқан... Сенің жарқын жанарыңдай пәк аспан Тебеңде тұр.Тұрмаң солай бабында -Мәңгі көктем біздің елге жарасқан.Ұлы Октябрь - жаңа заман символы,Уа, жас ұрпақ, сен зердеңе түй мұны.Коммунистер күллі әлемге паш еткен «Аврора» үні - әділдіктің гимні.