ВЕРНУТЬСЯ

         Ақ Жайығым, толықсыған, толысқан,

 Шағанменен, Деркөлменен тоғысқан.

 Жер үстінің Жұмағы да өзіңсің,

 Мен айналдым сендей құтты қоныстан.

Мың бұралып Атырауға оралған,

 Тіршіліктің нәрі болып таралған,

 Туған жердің жаннатысың Ақ Жайық,

 Бұдан артық саған теңеу таба алман.

Сенде ғана өрге жүзер қайығым,

 Шаттығым - сен,

 Сенсің менің уайымым.

 Жер үстінің Пейіші де өзіңсің,

 Басылмасын арының Ақ Жайығым!

Толқыныңның үнін тыңдар ел ұйып,

 Өр басымды тұрмын саған мен иіп.

 Қазағыммен мәңгі бірге жасай бер

 Ақ Жайық деп аталатын жерұйық!