ВЕРНУТЬСЯ

       Сен ауылдан хат жазасың: 

«Бар ма,- дейсің-

жаңалық?

Бізден гөрі көп білерсің,

тұрғынсың
ғой қалалың».

Абзал құрбым,
куәгері сонау балалығымның

Жаңалыққа құштар
досым, сауалыңды ұғындым.

Жаңалық көп:
құрыш қолдар қуатынан жаралып,

Күнде-күнде туып
жатыр туған жерде жаңа алып.

Космонавтар жұлдызша
ағып, жүр жер шарын

айналып,

Замандастар болашаққа көз салады ойланып...

Бірақ мұны қалт
жібермей газеттерден кезінде,

Менен бұрын оқып
алған шығарсың-ау өзің де.

Енді саған
хабарлайын жаңалықтың үлкенін,

Әйтсе-дағы,
достым, саған, аян жайт бұл, тегі.

Одан артық жаңалықты
мен өз басым білмеймін.

Ол - көгімнен күн
боп күліп нұрын төгіп тұр

деймін.

Ол бір шалқар
шексіз бақыт, баршамызға ырыс
құт,

Оның аты -
бейбітшілік,

Оның аты - тыныштық.