ВЕРНУТЬСЯ

       Еңбегімен туғызған сан аңызды, 

Өмір сүйгіш құрылысшы
жаны ізгі,

Бейбіт күннің құрметіне
сәнді үйді

Ескерткіш қып
салып жатқан тәрізді.

Жүрегіңнен өмір
күйін тыңдап ап,

Ақын сені мәңгі-бақи
жырламақ.

Сен өсірген мың сан
үйлер қадалып

Келер күннің
келбетіне тұр қарап.

Түнде жарық жұлдыз
болып жанасың,

Елден бұрын таңды
қарсы аласың.

Осынау асқаң
арманыңды саты ғып

Бірте-бірте күнге
өрмелеп барасың.

Құрыш қолың
жаратқан соң мықты ғып

Сан ғасырға
ұлылығын ұқтырып,

Сен тұрғызған
зәулім үйлер мәңгілік

Тіршілікке қызмет
етер тік тұрып.