ВЕРНУТЬСЯ

    Кеттім, достар,
тыныштықты жек көріп, 

(Жалынымнан жасық
ойлар кетті еріп!)

Міне, ақыры,
шықтым алыс сапарға

Балғын жырды
қоржыныма бөктеріп.

Көңіліме шұғла
шашып нұрлы ырғаң,

Жас жүрегім баңыт
сазын жүр жырлап.

Ал, мен кеттім.

Асау шабыт астымда.

Поэзия тыңы қолын
тұр бұлғап!