ВЕРНУТЬСЯ

       Сыналмақ кім болса да сол арада,

 Ар, ұят, намыс сонда болар ада.

 «Өмір сүр, - депті кейбір
керауыздар, -

 Өзгерген қоғам, адам ол арада».

Біреулер есі шығып абдырады,

 Біреудің керісінше жанды бағы -

 Капитал қоғамына тап болғанда,

 Дәп келіп сол қулардың сандырағы.

Заманның адам шошыр бетін көріп

 Жүргесін кетеді екен етің де өліп...

 Келеміз -

 Ел ағыны, су ағыны,

 Аттыны жаяу қуған секілденіп...