ВЕРНУТЬСЯ

       Республикамыздың
50 жылдығына

     Жүрек тербеп,
жатыр келбеп, аймаңдайлы ақ сұр

далам,

Алмағайып тағдырының түн мен күнін

жатсынбаған.

Сені талай тымырсық дос, қаныпезер
жат шыңдаған!

Арыстаным, паңсың
неткен!

Өзіңе тән құдыретпен,

Тұршы осылай!

Аяғыңның дәл астында жатсын ғалам!

"Күмбір
қақты көне шанақ домбыралар майда қоңыр,

Дархан дәуір,
өшпес өмір салтанатын тойлады өңір,

Жанар біткен
жалын атып, жайраң қағып ойнады

нұр.

Бүгін таңнан ашық
аспан,

Буырқанған
асыл дастан -

Барлығы да, барлығы да ұлан-асыр той қамы
бұл!

Тебіренемін,
тербелемін шырын сазға, күй біткенге

Бойды билеп
сырбаз сезім, қыран шабыт

шүйліккенде,

Қиялымнан қанат
байлап, шықтым шырқап құйғып

демде,

Сақарама
сол биіктен,

Тұрсам
деймін нұр құйып мен.

Ақ
көңілдің пәк жырларын тартсам дәйім сый ғып

елге.