ВЕРНУТЬСЯ

      «Кейін ұқсын
мендегі даналықты»,-

Дегендей бізді
алдымен бала ғыпты;

Уа табиғат,
ақылға сен жарытпай,

Талайлар кейін де
оны жалақ ұқты.

Өмірге әкеліпсің сан алыпты,

Олар да қайта
өзіңе оралыпты.

Талайлар балшыққа
да жарамай қап

Біреулер кірпіш
болып қаланыпты.

Еңбектен адам үлкен сый көріпті,

Әйтсе де кейін
өзге күйге еніпті:

Табиғат,
әуелбастан алақол ең,

Соныңды кейін ол да
үйреніпті.

Сонау кезде қайғыда жүзіп арман,

Кезіктірген өмірдің күзін алдан.

Тарихтың
маңдайында әжім болып,

Мәңгілік соның
өшпес ізі қалған.

Өліммен белдесе алмас жалғыз адам

(Сан ғасыр мол
үлесті ол алды ызадан).

Өмірді әке сыйлап
баласына

Замана осылайша алға
ұзаған.

Адамның әлі де іште аласы көп,

Тәнінде жазылмаған жарасы көп.

Туғалы азап жүгін
арқалаған

Енді оның бақыттан
да аласы көп.

Көне өмірдің
болса да қанша ағаты,

Әлемге орнар
әділдік салтанаты.

Санадағы тозаңды
сүртіп жатыр

Коммунистік
ғасырдың әр сағаты.