ВЕРНУТЬСЯ

     Әсима Қалиқызына

     Әр таңды еңбекпенен қарсыладың,

 Тер болып туған жерге тамшыладың.

 Гүл бітті басқан әрбір қадамыңа,

 Қанат қып қос қолыңды қамшыладың.

Таусыла жаздағанда бар шыдамың,

 Күй тартып көңіл көгін аршығаның.

 Сен пана бола білдің он балаңа,

 Күш берді саған сол он шамшырағың.

Күн санап өсе берді перзенттерің

 Сен көрдің бойжеткенін, ержеткенін,

 Халкыңа қызмет еттің ұрпағыңмен

 Жайқалып бәйтеректей сен көктедің.

Жаңғырған өлкемізді болмас танып,

 Бабалар жатқан ұйықтап, жер
жастанып.

 Қалайша мақтанбаймыз күнбатыста,

 Бақтықожа отырса ел басқарып.

Бүгінде кәрі-жастың бәрі мұңды,

 Жарылқа деп тілейміз Тәңірімді.

 Болғай да алдың - пейіш, артың -
кеніш

 Алланың нұры шайсын қабіріңді.