ВЕРНУТЬСЯ

     Мамырлап, осы
маңға қонатындай, 

Қағады ақша
бұлттар қанатын жай...

Енді сәл
төмендесе ақ теректің

Ілініп бұтағына қалатындай.

Еркесі табиғаттың,
о сұлу май,

Самал боп, сағым
болып толқуыңды-ай!

Кең дала - жасыл
дария шалқып жатқан,

Белестер соның
асау толқынындай.

Нұр көктем,
таудай арман ала келдің,

Жайраңдап күн боп
күліп санаға ендің,

Қызыл гүл сен
келгенде алақайлап

Жүрегін жарып
шықты қара жердің.

Жарқырап мәңгі
осылай тұршы, мықтым!

Мерт болсын
шұғылаңа тұншығып түн.

Моншақтап терім
тамған егістіктен

Аңқиды жұпар иісі
тіршіліктің!

Әр сәтің күйге ұласқан,
әнге ұласқан,

Паң мінез, кербез
майым өрлігі асқан,

Осылай жарқылдай
бер, біздер барда

Мәңгілік тұрмақ
күліп мөлдір аспан!