ВЕРНУТЬСЯ

       Ажары Ақ Жайықтың ашық қандай!

 Толқыны көңіліңді тасытқандай!

 Жыл бойы тоқтамастан жылжып ағып,

 Түрі бар Атырауға асыққандай.

Ару Жайық!

 Бір көрген жан ұнатқан.

 Ақ төсіңде

 Сібірлеп таңың атқан.

 Жаһанда жалғыз өзен сен шығарсың

 Қасқайып,

 Қос құрлықты жарып аққан!

Бір-бірін пәк толқының алмастырып,

 Тек сенде -

 Еш құмарым қанбас қылық.

 Бір өзің -

 Елдестірер Елшідейсің

 Елімді

 Еуропамен жалғастырып.