ВЕРНУТЬСЯ

        Адамдардың өзіне
тән бір қасиет-ғұрпы бар: 

Оның аты -
адамшылық, жақсылыққа ынтызар.

Сын сағатта
бір-біріне шапағаты тисе егер

Жайраң қағып,
жанарына жаймашуақ нұр тұнар

Осы ғұрпы талай
өмір биігіне шықты алып,

Сондықтан да адам
оның шын қадірін ұқты анық

Адамзаттың осынау
абзал қасиеті ежелден

Тіршілікті сұм
ажалдан келе жатыр құтқарып.