ВЕРНУТЬСЯ

     Талай жүрек
қайғы-мұңға көмілген, 

Көңіл кірі кез
жасы боп төгілген

Жер шарында,

Жиырмасыншы
ғасырда

Маған-дағы тиіпті
енші өмірден.

Қара түнек құз-шатқалда
тұншығып,

Шұғыласын төкті
маған күн шығып.

Сәлем, саған, нұрлы дүние!

Армысың,

Ажалменен арпалысқан тіршілік!

Құлағың
сал, жайсаң заман, ұлы күн,

Бар қалауым -

Тыныштығың,
тұнығың.

Дарқан тірлік,
қолтығыңнан демеуге

Дүниеге келді
тағы бір ұлың.

Санасына ұя салып ар, талап,

Шаппақшы ол да
азабыңды балталап,

Күніңе де, түніңе
де ғашық ол

Өтпекші ол да
тауқыметіңді арқалап.

Жер бетінде ол
гүл боп бүршік жармақшы,

Аспаныңда күнің
болып жанбақшы.

Адам ойлап тапқан
не бір сұмдықтан

Адамзатты
арашалап қалмақшы.