ВЕРНУТЬСЯ

Кіжіңдейді...

    Кіжіңдейді екен ғой жарлы кісі,

Жомарттық та, мәрттік те бардың ісі.

Аңызақты, аптапты дала сыйлар,

Саялылау келеді талдың іші.

Қызғаншақтау екен ғой талансыздар,

Біреу озса жүрегі жаман сыздар.

Ақыл берсе табиғат бәрін берер,

Дана атымен бәрің де - адамсыздар.

Ата мен ата жолы

   Ата дейді, қастерлейді атыңды,

Армандады жуытпауға жат үнді.

Опат болды сені жырлап Ілияс,

Өз жолында талай Сәкен атылды.

Жолың сонша құрбандықты тілей ме?

Керек пе әлде жәй әншейін үрейге?

Кебек ерді буындырған Кеңгірбай,

"Ата" деген ат береміз дүлейге.

Ата дейміз жасы үлкенді, өткенді,

Үлгі етеміз осы күнгі көпке, енді.

Соның бірі қамшы салған Абайға,

Соның бірі Мағжан қанын төккен-ді.

Есте қалған, қалмағанда атам көп,

Соның бірі басын шауып Махамбет.

Талай атам ата жолын қолданған,

Ана-халық

    Бір үй толы жан едік бір кездерде,

Түтін шалқыр жарыла күлген кезде.

Анам тапты бәріне - нан, тұз, мейір,

Үш ұл, үш қыз - бой түзеп жүрген бізге.

Асырады анашым алты бала,

Ал бүгіндер табады жалқы ғана.

Ал сонан соң жауласып жалғызымен,

Көзі ашылмай сезім де сарқыла ма?..

Менің елім балалы - Ана-халық

(Жаудан қашқан тектілеу баланы алып.

Содан ба екен қазақтың келетіні

Кейде ерекше, кеңпейіл, дана болып...

Бар бақытың аналар, халқым - алда,

Сенбе жалғыз өзімшіл жалқыларға.

Бір уыс топырақ, бір шөкім бұлт

   Бір уыс топырақ,

Бір шөкім бұлт енші алып

Кетсем бе екен

Имандылау жер шалып...

Иіскетермін ұрпағыма болашақ,

Уа, Тәңірім! Тазасынан берші алып!..

Бұйрығы Алла, адам жерді мекендеп

Келе жатқам қожасы өзім екен деп...

Анық қожа адам емес "Азу" боп,

Жорғалаймын, баста ноқта "тепең көк".

-        Ең лас зат
"Азу" ізі бұ күнде,

-        У-дың у-ы
"Азу" демі бұ күнде.

Елдің жауы, Жердің жауы "Азулар",

Мен қол қойдым сондай қатал "Үкімге"..

Күн астында көк бөрі

    Күн астында көк бөрі

Айға қарап ұлыған.

Әркім тегін ойға алса,

Бойға тарар жылы қан.

Көк төсінде жарық ай

Қарай қалған мөлдіреп.

Анам сәлем ететін

Еске аламын, елжіреп.

Қараңғыны қақ жарып

Жұлдыз ағып барады.

Өшсе дағы бір өмір,

Жерге сәуле тарады.

Ана тұрған күмбездер

Саусағынды беземе.

Ол - құрмет, ол - өнер,

Тексіз жандар сезе ме?..

Таң алдында мұңайма!

Таңың атып келеді...

Құлшылық ет Құдайға...

Ұлдың келер кезегі...

Страницы