ВЕРНУТЬСЯ

    Бір үй толы жан едік бір кездерде,

Түтін шалқыр жарыла күлген кезде.

Анам тапты бәріне - нан, тұз, мейір,

Үш ұл, үш қыз - бой түзеп жүрген бізге.

Асырады анашым алты бала,

Ал бүгіндер табады жалқы ғана.

Ал сонан соң жауласып жалғызымен,

Көзі ашылмай сезім де сарқыла ма?..

Менің елім балалы - Ана-халық

(Жаудан қашқан тектілеу баланы алып.

Содан ба екен қазақтың келетіні

Кейде ерекше, кеңпейіл, дана болып...

Бар бақытың аналар, халқым - алда,

Сенбе жалғыз өзімшіл жалқыларға.

Айналайын аналар бала - сезім,

Өздері4ді өздерің сарқып алма.

16.01.1994.