ВЕРНУТЬСЯ

    Бойда екі "Менім" бар ерегескен,

Жан-тәнімді сонша жыл бөле жескен.

Бірі "Өзің", "Сен - жалғыз" десе тантып,

Бірі "Ел" деп, "Отан" деп танады естен.

Біріншісін өгейдей шектеткен ем,

Екінші де күн бермей "кет-кет" пенен.

Қайта айналып "қайыршы" шықпайды екен,

Келістіріп екеуін ептеп келем...