ВЕРНУТЬСЯ

   Кісіліктің жобасы қандай болмақ?

Кісі ойға ешқашан қанбайды ойлап.

Өткен іске кей кезде жүрек мұздар,

Шыдау қиын сызына тоңбай бойлап.

Ата-баба тағдыры сабақ болса,

Қанағатқа қарын мен табақ толса -

Кемеңгердей кісіге айналарсың,

Азғын ойлар қинамас қамап сонша.

Жолдас еткен бейнетті "талап" атты -

Кісілікке биіктеп бара жатты.

Қайырымшыл жандар да кісі аталар,

Сен борышты, ал олар алажақты.

Алматы. 12.02.1995 ж.