ВЕРНУТЬСЯ

    Жаны ашитын бабамның жабысына

Қазақтар жүр жарыста сағы сына.

Арғымағын оздырып ағылшынның,

Бір қазақ жүр мастанып, табысына.

Жатты-ау о да бесікте тербетіле,

Енді қалай қарайды ел бетіне.

Бәйгі алады бір қазақ Бөрбасарды

Түрікпеннің талатып төбетіне.

Қырсығы ма солардың - көшің қалық,

Ал мәңгүрт жан мәз-мәйрам, төсін қағып.

Болмас бауыр күтпесең бір күшікті,

Бір құлынды беретін өшіңді алып.

Сан таластың, бір кезде, өктемдермен,

Жетпей күшің қорланып кектенген ең.

Енді өш алшы, сайратып ана тілді,

Өзге тілмен өзінді сөккендерден.

Бәстесемін - озасың бәрінен де,

Тарихтың, табиғат нәрі сенде.

Қазақ атаң қалпына қайта түсер -

Бойдан иіп беретін бәрін елге!..