ВЕРНУТЬСЯ

    Ізгілік ойла ерігіп, жалғыз жатқанда,

Кешірім етші орынсыз кінә таққанға.

Тындырған істің байрағын сұрап бұлданбай,

Азамат атан, бой ұрмай жалған мақтанға...

Ұрпақтың ойлап ертеңгі күнін ерекше,

Мәпеле оны, қадаған әкең, терекше.

Қамына елдің бақты да, тақты құрбан ғып,

Ортаға салшы "шыбын жан" тіпті, керексе.

Сүйегі кепкен адал бол баба антына,

Мақтана алшы жұртының тілі, салтына.

Ата боп Қыдыр, Құдайы қонақ көрінген,

Түсер-ау елім, баяғы ғажап қалпына.

Өмірзақ. 6.06.1999 ж.