ВЕРНУТЬСЯ

    Менің Меккем баратын қажылыққа,

Қағбам да сол, қайтатын табынып та -

Абай басқан топырақ, сыр айтады,

Сен де толған, жүрекпен сазын ұқ та.

...Санатына қоспайтын ақынды адам,

Кей пенделер - ойларың жақын маған...

...Бір топ шиге, деймін мен, сен емес пе,

Абай ойын "шын-шындап" мақұлдаған...

...Сезім шанши жүректің жараларын,

Тәкежанның ауылын араладым.

Елестеттім көзіме, елге үлгі,

Үнем менен ұқыптың "қара нарын"...

...Парасаттың бір кезде жауы шықты,

Мәңгүртіңмен жау со кез қауышыпты.

Ұрпақтарын Құнанбай - тегімізді,

Атып, асып, айдатып тауысыпты...

... Атып тастап қазақтың бір данасын,

Жер айдатып Абайдың бір баласын,

Сен емес пе ең өзіне қамшы салған,

Ей қазақтар!, енді арнап жыр жазасың!..

...Бақ іздесең бауырьш басында тұр,

Ұлы іздеме алыстан, шашылма құр.

Өз басыңнан бәріде табылады,

Аруағы Адайдың қасыңда жүр...

Семей. 25.05.1994 ж.