ВЕРНУТЬСЯ

    Суырылып суыртпақ боп сезімдерім,

Тәнімнің сездім сазбен езілгенін.

"Голубой Дунай" вальсі Штраус -

Қонақ боп қайтқан көкке кезім менің.

Сол шағың дүниені ұмыттырып,

Жіберер бұл өмірге құнықтырып.

Үн кернеп жүрегінді ісінгенде,

Барады сезім мәнін шын ұқтырып.

Қалмаса сол үн сенен қайда барсаң,

Арман жоқ сол жалынмен қайда жансаң.

Сол сазбен сағынғанды құшаққа алып,

Сол сазбен табиғатты аймаласаң...

Алматы. 29.03.2002 ж.