ВЕРНУТЬСЯ

    Сана "қартым" әдетін қоя алмады...

Маза бермей түрткілеп... "оян, кәні"...

...Қара жусан қаншама өртенсе де,

Қасиетін жусандық жоя алмады...

Сан ғасырдың түк болмай өктемдігі,

Жерді жарып тіршілік жеткен міні.

Көк балауса қылтиып келе жатыр

Алла нұрын аспаннан төккен күні.

Өз хауызын әр тірлік, өксейді екен,

Өз тамыры нәр берген өшпеді екен.

Өмір сүрген сардарлар, шыбын жанын

Қисам елге, деп қана, өшпей бөтен.

...Олар кімдер?.. Сананы ояталық,

Тірлік қамын бір күнге қоя салып...

...Еркек безін, солар ғой, ер тоқымы

Қажағанда , жүргендер, тоят алып...

Солар еді, жан қиған жаушы болып,

Солар еді, ар қуған даушы болып.

Солар, "Сардар" - бақаны шаңырақтың,

Солар, шыққан елінің даусы болып.

Сардар жаны берілмес босқа кекке,

Қарындасқа жатпайды өкпелеп те.

Ары үшін жұртының өзі емес,

Нағыз Сардар шығатын жекпе-жекке...

...Міне сала тектілер тұлпарына,

Айналсам ба самғайтын сұңқарына!..

Тәнді баптап жүргенше жанды сақтап,

Сардарларша көз салсам Жер шарына...

...Кейде қызық, беймаза, бір түрлі адам,

Түрткілейді бір сезім тұр-тұрлаған.

Есем кетіп қалғандай, біреулерге,

Сипап қоям жағамды жыртылмаған...