ВЕРНУТЬСЯ

     Аман қалған ажал оқтан, өлімнен,

Тұрып кеткен салып қойған көріңнен,

Қорқынышқа қылбұрау caп үйреткен -

Жүрек жұтқан, мақтанайын, ерің мен!

Содан құнын бұл жалғанның ұғынғам,

Содан еркін, тәуелсіздеу бүгінгі ән.

Кісілікті, ізгілікті жырлайын,

Түсіргенше жұлып қайта тұғырдан.

Ренжімен жолым болмай жүрсе де,

Қуанамын болар-болмас нәрсеге.

Дүниенің бар байлығы менде енді,

Қақпасам да етігіме бір шеге.

Кешірімшіл болып алдым бәріңе,

Өсекшілді жібермеймін әріге.

Ей ағайын! Уайымым - жаныңды,

Суаратын бастауыңның нәрі не?..

Ақтау. 26.10.1993 ж.