ВЕРНУТЬСЯ

Бұл неткен ел, неткен ел?

     Полстраны
- преступники

    Полстраны - охранники.

     Роберт Рождественский

     Бұл неткен
ел, неткен ел?

Қасың да жоқ кектенер,

досың да жоқ өкпелер,

бар ашуың

біреуге

кіжінумен шектелер

бұл неткен
ел, неткен ел?!

Бұл қандай
ел, қандай ел?

Қақтығысқа бармай ер,

қақтығысар қалмай ер,

баяғыда ұмытқан

ұяты мен
арды әйел,

бұл қандай
ел, қандай ел?!

Жарымаған жақсыға,

кілең ғана "білгіштер",

қылмыскері - сақшы да,

Өлеңімді қорлама

       Бұрынғылар
тықты апарып торға да,

Жырындылар
жықты апарып орға да,

Шындық
үшін жаны шығып,шырылдап,

Сағы сынып
көрген емес сонда да.

Абыз болып айтып
еді билігін,

Кешелеу бек
көмейіне құйды құм,

Сөйте тұра таңдайынан бал
сорып,

Соның ғана
маңдайынан сүйді күн.

Қанатымен
қара дауыл соқтыртып,

Тиген
жерін ойып еді от бүркіп, -

Кесіп
алсаң қан шықпайтын миғұла

Есегің
де,есерің де кетті үркіп!

Соны көріп,"сайтаны" бар не қасқаң

Іні

    Серікболға

    Бойыма сіңбей асы басқаның,

арнама сыймай тасып, асқамын,

бұлттанып бір сәт көрмес дейтін ем

қашанда шәйдай ашық аспаным!

Атам мен анам ертеде көшкен

Шықпай-ақ жүріп жертөлем естен,

еңіреп
туған ермін деуші едім,

елім бар ғой еркелеп өскен.

Қаладағы дос, ауылдағы әулет

болар-ау деумен сауымда мәулет,

қаннен-қаперсіз
жүре де беріппін,

ойыма да алмай жауым бар-ау деп.

Өзім қатарлы озып ем ерден,

көбейді күндес - көзі көгерген,

алдымды орап айлалылары -

Страницы