ВЕРНУТЬСЯ

     Полстраны
- преступники

    Полстраны - охранники.

     Роберт Рождественский

     Бұл неткен
ел, неткен ел?

Қасың да жоқ кектенер,

досың да жоқ өкпелер,

бар ашуың

біреуге

кіжінумен шектелер

бұл неткен
ел, неткен ел?!

Бұл қандай
ел, қандай ел?

Қақтығысқа бармай ер,

қақтығысар қалмай ер,

баяғыда ұмытқан

ұяты мен
арды әйел,

бұл қандай
ел, қандай ел?!

Жарымаған жақсыға,

кілең ғана "білгіштер",

қылмыскері - сақшы да,

сақшылары - қылмыскер,

азғындаған қызына

ақыл айтқан жүргіштер,

бұл неткен
ел, неткен ел?!

Жақының
жоқ өкпелер,

жауың да жоқ жек көрер,

ұры-қары
әкімі,

ақынында жоқ бедел,

бұл неткен
ел, неткен ел?

Аярлықты - айла дер,

қараулықты - пайда дер

жағымпаздар мекені,

апыр-ау, бұл
неткен ел,

апыр-ау, бұл
қандай ел?!

2001 жыл