ВЕРНУТЬСЯ

     Ахмет Кендірбекұлына

    Араласпай, былғанышқа, былыққа,

Атың жүзіп келе жатыр тұнықта.

Ұнайтындар
бар өмірде, қарағым,

Сынайтындар барлығын да ұмытпа!

Айналарсың ұлыға
да ұлыққа,

Бара көрме баянсыздау қылыққа.

Қыран бүркіт қанша биік ұшқанмен,

Көксеңгірге бір қонарын ұмытпа!

Құрығынды
жалғай жүріп сырыққа,

Келіп қалар қылшылдаған кырық та.

Бой керегін, той керегін білеміз,

Бәрінен де ой керегін ұмытпа!

Арғымағың жүзе
берсін тұнықта,

Айлыққа да, байлыққа да құнықпа.

Ағайының көп
екен деп ауылда,

Алматыда Ағаң барын ұмытпа!

Ауызға ала бергенге ел кешегі,

жақсы көре бастап ем мен де сені,

інілердің ішінде

жоқ па деп те

ойлаппын-ау өзіңе тендесері.

Көңіл азып селтеңі, серісінен,

бөліп алып өзіңді көп ішінен,

түбі терең мұңымды
саған шағып,

шынымды айтып
сырымды бөлісіп ем.

Өзі деппін өрелі өр кеуденің,

жоқтығын да білесің тергеуге ебім, -

күнә шығар жаманды жаман демеу,

жақсылығын кісінің көрмеу де мін!

11 наурыз, 1994 жыл