ВЕРНУТЬСЯ

       Атымыз қырда қалар, жырда
қалар,

қалың ел түбі келіп бір бағалар.

Алдында ақтарды деп барымызды,

алдымен зарымызды тындап алар.

Алатын әр сөзіңді мыңға балап,

біздің ел бар деуші еді жырда қанат,

... Ендігі мұңымыз
да, шынымыз да

ілескен артымыздан ұлға аманат.

Кезінде
берейін деп берерімді,

жарысып дүлдүлмен де нелер үнді,

біразын салған едікжол-арнаға, -

ұмытып
оларға да не көрінді.

Қастерлеп менің ұлы
мекенімді,

бізді ол ұрпағына
етер үлгі,

Кім айтар - солар емей келешекке

қазіргі сенің де кім екенінді.

Сақтаған тілімізді, дінімізді,

түсінер туажаттың бірі бізді.

Алдында олардың да ақтарыла,

айтармыз ащы-тұщы
сырымызды.

Тоқкөңіл тыныс та бар, ырыс та бар,

заман да бірте-бірте дұүрысталар.

... Түбі кеп күллі қазақ айта жүрер

біздің де соңымызда ... бір іс қалар!

22 ақпан, 2006