ВЕРНУТЬСЯ

        Ешкімді, жөні келсе, зорламалық,

түбі кеп бір жақсылық болмағы анық,

есі бар кісілерміз екі бастан,

бәрін де түсінерміз... сонда барып.

Болғанмен түрі басқа, түсі бөлек,

Бәрін де
түсінетін кісілер ек, -

несіне шамданамыз, таң қаламыз,

біреудің батты екен деп тісі кенет.

Қалғаны тіршіліктің бір өтсе деп,

қалыспай қайғы-мұң
да жүр екшелеп,

Білмейсің, сананды да кімдер улап,

бағанды кімдер өлшеп, кім екшемек.

Салып-ақ енді бірі бар ынтасын,

қайтармақ қайғы-мұңның қарымтасын.

Кезі ме, кім біледі, болып алған,

Тәңірі оны да алдан жарылқасын.

Ешкімді қорламалық, зорламалық,

түбінде бір әділет орнары анық.

Есі бар кісілерміз екі бастан,

бәрін де түсінерміз... сонда барып.

23 ақпан,
2006