ВЕРНУТЬСЯ

       Жалған айтып, жадағайлау ұрандап,

көрген жоқпын көрінгенге жыр арнап, -

Амантай да келіп қапты-ау елуге

cap
желетін сәйгүліктей сыландап,

Қалай ғана көтермейін шашпауын

Алакөлден ұшқан
ұлдың шығандап.

Сирегірек көрініп жүр бізге тек,

әр төбенің басынан бір қынандап.

Бір жақсының мандайына бұйырып,

бір жақсының тандайында тұрар бақ!

Ұялыдан ұзап ұшқан ұл ең сен,

өзгелерден оқшауырақ тұр еңсең,

Сайлап алған сайдың тасы сияқты

айналаңда асыл досың жүр еңшең.

Өз құрбыңнан
озып келе бересің

аламанда аттың басын жіберсең.

Алакөлге тіреледі аяғың

Алатаудың бауырынан шіренсең!

Жүруші едің күлімсіреп, күлімдеп,

есейдің бе Елу
жасқа бүгін кеп,

Ер жігіттің ерлігі
де осындай

ой үстінде, той
үстінде білінбек!

Келші бері,

құшағыма алайын

сегіз қырлы, жеке
сырлы жігіт деп!

2002 жыл