ВЕРНУТЬСЯ

      Әділ айтқан
әзілімді кек түйген

Талай досым
көрместей боп кетті үйден.

Оған да өзің күйзелесің, күйесің,

Кінәң
жоғын біле тұра бет күйген.

Құрдасың
ба,сырласың ба көптенгі,

Көтермейтін
болып алды өкпеңді,

Жақсыға да жақпайсың сен қаншама

Шындықты
айтып шырылдадым! - деп кергі.

Осы күні отырмасаң кіл төрде,

Көлгірсімей
күле алмайсың үлкенге.

Жағынбасаң жамандайды шыға caп,

Тура сөзді
таба алмайды жұрт емге.

Күні кеше айтамын деп сәл мінін,

Қытығына
тидім бе бір әлдінің.

Енді маған мұз
қабағы жібімей,

Сызданарын сезіп
тұрмын дәл бүгін.

Ескертіп ем елге
қыры жоқтығын,

Торсаң
қағып,теріс қарап өтті інім.

Іш қазандай қайнағаны болмаса,

Жаңғырыққа
айналады өткір үн.

Әр
сөзіңнің іздесе жұрт астарын,

Кімге
керек шындық бетін ашқаның.

Келе-келе құрдастардың
өзіне

Қалжыңдаудан
қашқалақтай бастадым.

Mac боламын ба, қас боламын ба біреумен,

Арланамын
ба, қарманамын ба тіреуден.

Қарғап-сілеуден құлағым
тыныш болса да,

Жора мен
жолдас жалығар емес мінеуден.

Бәденді жұртпен
бас қоса қалған кезде мен,

Өбісемін бе,көп
ішемін бе өзгеден.

Қиыстау тұрып,
қиығын тастап көзіңнің

Жауыға қалған жадау
кейпіңді сезген ем.

Тектіге де ердім,
көпті де көрдім, көп іштім,

Қуыршақты құшып,
құлыншақпен де тебістім.

Көңілімді бірі қонысындай көрсе киелі,

Қонышындай
да көрмегендері бар кебістің.

Өртке
кіремін, кеп те білемін, көп
ішем,

Қызып та
кетіп, көрінген қумен өбісем.

Табынар тәңірім, бағынар әмірім емессің,

Адырая
қарап, алармай жүрші, тегі сен!

Күлем бе баяу, жүрем бе жаяу амалсыз,

Жора-жолдастың
бәріне қайдан жағарсыз.

Сенсіз де мені табалайтындар аз болмас,

Көзі де
көрмей, сөзіме де ермей сан арсыз.

Атау кереңді
үрлеп іш, елден үркіп іш,

Жата
алмасыңды білем ғой сенің
тым-тырыс.

Саған ендеше ұнамай-ақ
та қояйын,

Өзің де мені
сынамай-ақ та  жүр тыныш!