ВЕРНУТЬСЯ

        Әрнеге еміндіріп,
елеңдетіп,

Бара ма боқ дүние
менен де өтіп.

Қашан бір төрт құбылам
болды бүтін,

Шықпады, соңғы
үмітім, сенен де түк!

Тарқамай
көңілімнің көп құмары,

Құйындай ұйтқып-ойнап
өтті бәрі.

Жетем деп желігумен жүрдік күнде,

Ақыры
тірліктің де кетті ме әрі!

Аузыма қарата алмай әлі көпті,

Там-тұмдап тергенімнің мәні кетті.

Несіне осыншалық арып-аштым,

Қарасам -
кәрі-жастың - бәрі де епті.

Тантығы,жантығы
бар,тасыры бар

Аз күндік
- азған елдің - басы бұлар.

Мұндайда
көріпкелдей,еріп бермей,

Қашанғы қараңғыға
жасырынар.

Талтаңы,тарпаңы бар,жалтағы бар,

Туады заманына
тарта бұлар.

Емініп ендігінің
епті ұлдары,

"Мал болса, - деп тұр бөрі, - ар табылар!"

Бүлігі,жүлігі бар,бөспелері,

Белгісіз,енді
кімге дес берері.

Өзінді кісі ғұрлы
көрмегесін,

Сөзіңді қай
есірік ескереді?

Біресе биіктетіп,
төмендетіп,

Барады боқ дүние
менен де өтіп.

Дарымас тірі
жанға енді үгітім,

Шықпады, соңғы
үмітім, сенен де түк!

Көл қорыған
қызғыштың

Қолға үйретіп
көкесін,

Өндір-өндір қыз
құштым,

Өзім қиып некесін.

Аңыз тыңдап, ән ұқтым

Аталардан ай
көмей.

Бетін қақтым
бәдіктің

Бағлан
демей, бай демей.

Баталы сөз
айтыппын:

Белін жазып
бүкірдің.

Тәлімсіген тәйтіктің

Төбесінен
түкірдім...

Қоя-жынын ашып ем

Құты қашты
"күйлінің".

Қасақана басып ем

Жатқан
жылан құйрығын.

Жұпынымын
демедім,

Күпіліні көзге ілмей.

Өңмеңдеген
неменің

Өтін іштім
сездірмей.

Қалдырғаным
табаға

Келеді әлі
арбасып.

Қолы жетпей жағама,

Балағыма
жармасып.

Жақсыларды түстеп те,

Түгендеп
бір көрмек ем.

Кетті қойды күш текке,

Жетпей
қалып өрде дем.

Шарап ішпей, шала мас,

Шамырқанған
тұр мынау.

Өң мен түсім аралас

Өмір сүріп
жүрмін-ау!

Бетін емес, шетін
беріп,

Кетті ме деп өмір
ұдай.

Аш арыстан
секілденіп,

Аласұрған
көңілім-ай!...

Арғымақ-үн қалды
аңырып,

Шаң да шықпай тұяқтардан.

Өте берді алдап
үміт,

Алдамайтын сияқтанған.

Қай құдірет
бүлдірді өзі,

Бөрліктірген кім
еді елді.

Қарап тұрып күннің
көзі

Қарауытып жүре
берді...

Азығындай күнбе-күнгі

Кешегі асқақ
арманы ұмыт.

Қайтсем
екен бұл көңілді,

Айдалада
қалған ұлып!..