ВЕРНУТЬСЯ

      Әй, Апасы, тиіспеші, Жәнібекке тиіспе

Танауынан сүйіп қой да, тамағынан иіске,

(Бала деген қайық емес,

байлап қойсаң күні-түн

қалт-құлт
етіп тұра берер қараңғылау
мүйісте)

Жәнібегім жігіт болып қалған жоқ па көп-корім

Байқамай да қалыппыз ғой бестен асып кеткенін

"Алыспа да жұлыспа!"-деп,

қолды-аяқты баланы

қойған жерде тұра
берер қуыршақ қой деп пе едің!...

Әй, Апасы, тиіспеші, тиіспе осы көкеме,

Құлай
берсін, жылай берсін,

Қолынан ал,

Жетеле!

Женібекке тең
келетін кім бар өзі осы елде,

Астана мен Алматыда оған бала жете ме!

Ара түскен Атасының көңіліне қара да,

Апасы, сен тиіспеші осы "жаман" балаға.

Қабағынды түйе берме, тие көрме, әйтеуір,

Ойнап жүріп сүрініп те, жығылып та қала ма!

Әй, Апасы, тиіспеші, тиіспеші осы ұлға,

"Қияңқы боп барады!" - деп қорықпа да шошынба.

Ұрса
берсін әкесі де, ұрса берсін тәтесі,

Айтқан тілді алмады деп, Сен оларға қосылма.

Әй, Апасы, тиіспеші, тиіспе осы балаға,

ондай бала жоқ шығар-ау қала менен далада,

әрі кетсе "байқамай қап" бір нәрсені бүлдірер

онысына қарама да, сотқарлыққа балама!

Күлдіре
ме-

бүлдіре
ме, -

күйіп-пісіп сен текке,

көп тиісе
бермеші енді

осы біреу тентекке.

Ойнап жүріп өзінді
де қағып кетсе "байқамай",

мәз болады,

күлдіре сал,

өп-өтірік
селк ет те!

Аман жүрсе, осы "жаман" таң қалдырып көп елді,

бала болып өседі әлі өнегелі, өнерлі.

Ойынға да тояды әлі, тояды әлі, көрерсің,

Қарада тұр,

қояды әлі қияңқылық дегенді.

Қырқыла ма, жыртыла ма судай жаңа добы ана,

кейде сырттан орала ма қойдай болып көкала,

оған бола ұрыспашы,
ұрыспашы, Апасы,

жыламаса,

құламаса,
-

бала бала бола ма?!

Атасының қуанышы,

Куат-күші,

Қорғаны,

осылардың үстінде тұр енді қалған жол мәні,

күлдіре ме бәрімізді,

"бүлдіре" ме, -

тиіспе,

теріс кетіп жанымызды күйдірмесе болғаны!

Желтоқсан, 2005.