ВЕРНУТЬСЯ

        Мен бүгін кіріптармын бәріне де,

жасқа да кіріптармын, кәріге де,

кіріптар болып барам

саудагердің

қолынан сатып ішер дәріге де.

Алдында мүләйімсіп
ұлықтардың,

күлмейтін жерлерге де - күліп бардым.

Өзімнің иманым мен арыма да,

ұры мен
қарыға да кіріптармын.

Ханға да кіріптармын, қараға да,

қолында қалашы бар балаға да,

қойдым-ау заман тілін ұға алмай-ақ,

шығандап шыға алмай-ақ дара ғана!

Абайдан ұлы
санап өкімдерді,

қаншама тілімізге зақым келді,

қалмай тұр
амалың да, -

заманың да

кіріптар болғаныңды мақұл көрді.

Кіріптар екенінді көре тұрып,

созбайды көмекке қол, ер өкініп,

Май басқан жамбасымен илеп бөстек,

барады билеп-төстеп дөрекілік!

Айырылып біржолата ұяттан ар,

қаймығып

қаһарманың жиі ақталар.

Әйтеуір,

қазақ біткен әлдекімге

кіріптар болып кеткен сияқтанар!...

31 наурыз, 2006 жыл