ВЕРНУТЬСЯ

      Сал да сен,

сері де сен,

серке де сен,

жал да сен,

жая да сен,

желке де сен.

Әрі асып алты алаштан абыройың,

бойыңа жарасып тұр
еркелесең.

Шендіде,

шекпеңі де,

шешен де сен,

кім қарсы нөсерлесең,

өсем десең,

Бір сырлы, сегіз қырлы жігіт болып,

танылып болған едің осы елге сен!

Toп бастар
төре де сен,

төрде - көсем,

алдынды Ақжайықтан кем демес ем,

"Ақылы көл-дария,

көңілі көктем

кемеңгер досым бар!" - деп мен де бөсем.

Тартпаған бойы аласа, -

ойы бәсең,

кескекті кесек ердің сойы да сен.

Аспаннан мың бір пәле жаусадағы

қадірлер халқың барда

мойыма сен!

Қарсы алар қайда барсаң жұрт елендеп,

сен кірер ақсарайлар күркеден көп,

ысырып кедергіні иығыңмен,

көрмедің
биігіңнен бір төмендеп.

Сыйлысың балаға да,

нар ағаға,

күйлісің
қалаға да,

далаға да,

"Қадірлі Қалдарбек!" - деп қарсы алады.

Қай елді,

Қанша
жерді аралама.

Кел де сен,

Келде жүзер кеме де сен.

(көлшікті мен
өзім де елемес ем),

Самғай бер биігінде, қадірлі дос,

біз үшін керексің Сен неге десең!

1996 жыл маусым.