ВЕРНУТЬСЯ

       Тілден тұтам
қалдырмай,...(діннен жұтаң)

Қайда бара жатыр бұл

Құл мен Құтан?

Әлі күнге инедей қадалады

балағыма баяғы ілген бұтаң!..

Түтегені белгісіз, бітегені,

Темірдей-ак қариды тікенегі.

Бармағынан бал сорып жаттың бұққан,

сатқындықтан сарыуыз сүт емеді...

Оны азсынсаң,...

бір тұстан
қосылып Күң,

тітіркеніп,

тірідей шошыныппын.

Қара жерді қараңғы сел басқанша

ел басқарса қайтпексің осы "мықтың"?

Санамызға салғанмен түрлі таңба,

ақыры бір атар-ау нұрлы таң да.

Ел боп кетсек жарады оған дейін,

жем боп кетпей кайдағы Құл-Құтанға!

2001 жыл