ВЕРНУТЬСЯ

      Қасым Қайсенов

80 жасқа толғанда

     Жүре алмайтын біреуді арқаламай,

Ел деп туған еңіреп мәрт ағам-ай!

Селкілдемей жеттің-ау сексенге де,

Қарын да бар қалпында, қалта да бай.

"Бөлек қой деп көкемнің күлкісі де",

Танданбаған кісі жоқ түр-түсіңе.

Жұрт
ішінде түсесің көзге де оқшау,

Қоя берген нардай боп жылқы ішіне.

Жай-күйінді өздері сұрасын деп,

Кейде бізге тіл қатпай тұрасың көп.

Ағаларын, алдыңда аңқаң қағып,

Балалардың "енесін ұрасың" кеп.

Қасекем-ай, қайбірін сөз қыламын,

Көп қазақтан қатарлас озды бағың.

Қажетсізін көп сөздің естімейсің,

Қажеттісін қағып ап тез құлағың.

Көп жасаймын десең де елден ерек,

Кім бар шығып алдыңа жол бөгемек.

Қаһарманға,
Партизан, полковник,

Профессор, Жазушыға жөн не керек!