ВЕРНУТЬСЯ

     Зейнеп Қойшыбаеваға

      Тентекжылдар текке кетпей, қапыда өтпей қайран күн

Өліп-талмай, солып
қалмай жауқазындай жайдарлы үн

Ару қыз бен асқақ
ұлдың бәрін жолға қаратып

Қазақстан
аспанының бұлбұлына айналдың.

Сыландаған
сиқырлы әуен, сұлу сымбат бейнемен

Ел көзіне еліктей боп ерте түскен Зейнеп ең.

Мейір қанар, бойынды алар ұлттың ұлы ырғағы

Сенің ғана көмейінде тұр ма деймін кейде мен.

Сахнаға сен шыққанда тоты құстай таранып,

Қошеметпен қол соғады үлкен-кіші бәрі анық.

Әлдекімше атақ іздеп жүгірмейсің сен бірақ

Өзінді-өзің жарнамалап, әлекедей жаланып.

Әлдекімдер айырбастап ала алмайтын алтынға

Өзі-ақ іздеп тапты сені атағың да, даңқың да.

Келесің-ау тыңдаушыңның құлақ құрышын қаңдырып

Қазағыңның дәл
өзіндей қарапайым қалпында.

Барша бейнет артта қалып, жеттің бүгін зейнетке,

Алтын алқа тағынарсың, малынарсың көйлекке.

Талай ұрпақ
мақтанатын болады елі, мен білсем,

Елдеспін деп, жерлеспін
деп Қойшыбаева Зейнепке

1996