ВЕРНУТЬСЯ

     Құшсам-ақ
дейтін бұралтып белін

қылықты қыздың бірі едің.

Өзінді жұрттан тым артық көріп,

түрлене түлеп жүр едің.

Артық бір аяқ баспайтын едің,

менсінбей мынау жалғанды.

Қасыңмен қағып тастайтын едің

қасыңа жақын барғанды.

Күйреді қанша балапан тағдыр,

үзілді, дүние-ай, қанша үміт.

Үлбірей өскен алақандағы ұл

табанда жатты-ау жаншылып.

Алдап та
қашып, әурелей беріп,

Үздің үмітті ұмытпай

Ақ қарға түскен сәуледей болып

Жымиғаның да жылытпай.

Ауыспай бізге көзіндегі бақ,

қалыппыз ауа қармап шын.

Қайтейін, қалқам, өзіңде, бірақ

бақытты бола алмапсың!..

1967