ВЕРНУТЬСЯ

      Қойындаршы,..

қоя тұр
сен, ..

қой бәрің,

қой боп еріп кетті лағып ойларың, -

адам болып жаралған соң, апыр-ау,

артық-ауыс болмайтын ба бойда мін!...

Қан майданға кіретіндей елді алып,

күпінесің, түтігесің сен налып.

Аяқ асты бола қапсың әулие,

кемелдік пен кемеңгерлік тең дарып.

Сүр жебедей атыла ма сес түрлі,

есуасқа айналдырып
есті ұлды,

халқымыздың мықты ақыны кешегі

кісі болмай шықты ақыры кеспірлі.

Бәрін қайдан білесіндер?!

Біліп кеп,

іреп-сойып, жатасындар іріктеп.

Елді кімнің сатқанын да ежіктеп,

кім сатқалы жатқанын да, кім үптеп.

Білесіндер кімді қойып, кімді алды,

қай сұмырай
үлесінен құр қалды.

Үйде отырып

сынайсындар ұлықты,

сыртынан кеп сыбайсындар сұмдарды.

Елдің қамын ойлайтындай, бірлігін,

бір ағамыз ашынып-ақ тұр бүгін,

- Түбі келіп сорлайтынын халықтың,

айтып салды қолдайтынын кімді кім.

Кекете ме,
кеңкілдсй ме күліп тек,

кетті бірі саясатты жіліктеп,

тақырыбын
тапқандай-ақ өзеуреп,

Әлдекімді
жатқандай-ақ үгіттеп.

Таразысын тең ұстаған
безбендей,

Келе
жатқан сияқты еді өзгермей,

Қодырандап
қоятынын кайтерсің,

Одырандап,
ораздыға сөз бермей.

Желпіне ме желді күнгі түңліктей,

ентіге ме ертеңгіден дым күтпей,

Жақтырмай
тұр күлгенін де біреудің,

біреулердің жүргенін де шыр бітпей.

Қадап айтып қаскүнем
бір топ барын,

қатты бірі кешегісін жоқтап үн...

Сен де шектен
өте бере, бауырым,

Президентке жете бере... тоқтадың...

Жан-жағына қарап
алып ұрлана

Сызданып та тұрғандар бар, сұрлана.

Ізіндегі қанды көрмей кешегі

Кіжінгені
кімге керек құр ғана!..

Қойыңдаршы...

Қоя тұр
сен,

қойындар.

Күн туады кінәмізді
мойындар.

Босағада қалсыншы тек, ағайын,

осы арада менің де бір ойым бар!...