ВЕРНУТЬСЯ

       Қарағым, түсін бәрін, түсін бәрін, -

менің де осы күні ішім жалын,

Кісіден қысылмағым келіп еді-ау,

... сезбеппін сырттан келер қысым барын.

Қолдап та қалар ма деп Хақ-тағалам,

екеуіміз отыратын баққа барам,

сырт көздің
сұғынан да бұғынам ба,

білмеймін, қалай етсем - ақтап алам!

Тағдыр-ай, тағы да кеп басындың-ау,

шайқасып көрер едім... жасым мынау!

... Қалқам-ай, екеуміз де қорқып қалып,

теңіздей толқып барып... басылдық-ау!

22 ақпан,
2006 жыл