ВЕРНУТЬСЯ

      Бәрібір
мендей етіп айта алмайсың,

жорғалаған боласың, тайпалмайсың,

ауырлап жалғыз-жарым сөздің өзін,

арқаңа ер батқандай қайқандайсың.

Білсең де мендей бола алмасынды,

әурелеп, әукілдейсің, шал басынды.

Кісінің қызығын да қызғанатын

осы бір әдетің-ай... қанға - сінді!...

Қамшыны, қатар шауып, атқа бастық,

"Пайғамбар жасы" дейтін шақтан астық,

басқа бір, қолдан келсе, "ерлік" ізде,

жараспас енді бізге бақталастық!

Бәрібір енді мендей бола алмайсың,

өзінді, өзгені де тек алдайсың.

Қарашы алды-артыңа -

ақын емес,

ақындыққа жасалған обалдайсың!

8 наурыз, 2006