ВЕРНУТЬСЯ

       Алпыстан асып кеткен жас та қауіп,

Аяғың
астындағы тас та қауіп, -

Соншама
қауіп-қатер арасында

Барады-ау
қайран дүние бастан ауып...

Жүргенің,
күлгеніңнің бәрі қауіп,

Соны ойлап
күйзелесің ауық-ауық.

Қазіргі көңілің де, өмірің де

Көшкен ел
қозысындай жамырауық.

Сайланып-сайланбаумен, сайрандаумен

Барады
бастан ауып қайран дәурен, -

Кірмейтін
қаперіме күні кеше

Қара бас
қатеріне айналды әурең!

Құдайдан
кіреукелі сауыт тілеп,

Біз қашан
хақ жолынан ауытқып ек:

Көз көрген
сұмдықты айту, ұрлықты айту

Шындықты
айтудан да қауіптірек!

Тірліктің бүгінгідей дауылында

Қауіпті
ойыныңда, сауығыңда,

Тағы да
бірдеңе айтып қала ма деп,

Тұрады
қауіптеніп бауырың да.

Бойдағы наласымен, жарасымен,

Әйтеуір,
қазағымның даласы кең, -

Жығылсам -
жер көтеріп,келе жатқан

Жайым бар
қауіп-қатер арасымен!