ВЕРНУТЬСЯ

     "Еркелеп"
тағдыр маған, ерғашты ғып,

Яселкелеп,
жетпіс бес жыл жер бастырып,

Кеудесінен

Кертіп алып,

Тасып жатты,

Таусылып
бітпейтін бір кенді аштырып.

Арбалап асылымды, дорбалап та,

Тасыды оң
қанатқа, сол қанатқа,

Тасыды
масылы да, жасығы да,

Бай-батша
ғашығы да - қонған атқа.

Кім білген,

Жақын
тартып,

Жат
көргенін,

Кеудеме,

Кенін
алып,

Тақты
орденін,

Миыма
соның бәрі жете сіңбей,

Естілген көкесіндей қақ төрдегі үн.

Көрді ме, көрмеді
ме шақпақ құрлы,

Ұлына, құлына да мақтаттырды,

Күн санап
көкірекке даңғарадай

Қайғы-мұң қандаладай қаптап кірді.

¥л мен қыз,

Ұрпағыңның
пайдасы деп,

Алдады
алаяқтар айласы көп,

Санда бар,
санатта жоқ көп мимырттың

Қасына біз де барып жайғасып ек...

Күні ертең бәрі жақсы болады!" - деп,

Ұрысы,
қарысы да тонады кеп,

Басында
түкті ұқпадық,

Шықтық
барып

Бір күні
бассыз үйдің қонағы боп!

Менің де ел қатарлы есім бар-ды,

Соны алды,

Бірсыдырғы
пошымды алды,

Жоқ едік
айлаға да, пайдаға да,

Ауды да

Айдалада
көшім қалды.

"Түгінді аяма деп, сүйікті елден", -

Миыма
қайдағыны құйып көрген, -

Қалтамды
қарақшыдай қақты да алды,

Тірнектеп
жарты ғасыр жиып келген.

Айдатып малымды алды,

Барымды
алды.

Үргізіп ит
пен құсқа

Арымды
алды

Әйтеуір, жаның қалды демесеңіз,

Қайғым да
қардай қатып, қалыңдалды.

Еліріп Еңбек ері деген атқа,

Депутат
болып көрдік, делегат та.

...Орны түр үңірейіп өкініштің,

Өзің біл,
өткеніңді немен ақта!

Қалайша бізден басқа қалмады ермек,

Алдайсың
әлі күнге ардагер деп,

...Ойың да бар ма, қалай,

Жарап
жатса

Жанымды
жаһаннамға жалға бермек!..

Кетпеген құлағымнан
келгір үнің,

Бірі едің
сен де маған белгілінің.

Шынымен саған қарап қалған болса,

Білмедім не боларын ендігі күн!