ВЕРНУТЬСЯ

        Қалпында бірде кердең, бірде менмен,

Ұқсамай
өзгелерге күнде көрген

Қайда да
биігірек тұрушы едің

Айнала
биікпіз деп жүрген елден.

Құйылып
көмекейден дара тілді ән,

Кісі едің.

Кісіліктен
жаратылған,

Ерлік - от
алдында да Сен жүріп ең,

Зеңбірек
аузында да әр атылған.

Ұқтырып ұлтыңа тән ерлік барын,

Бұққанда ұлық біткен, сен бұқпадың,

Өт-жалын
өзегіңнен өрт шығара,

Ішіңе жия
келіп шер ғып бәрін,

Бұйырып
мандайыңа үздік бақыт,

Шығардың
соның бәрін сыздақтатып.

(Көлкіген
сорпа-судың арасында

Әр сөзің тұрушы еді-ау тұздық татып).

Жетті ме, жетпеді ме баққа қолың,

Далаға
кетпеді тек атқан оғың,

Қыжырттың қазақты да қаншама бір

Туысқа
тарпаң, асау, жатқа момын.

Серілік селдіреп-ақ қалды ма деп,

Ақаннан жұқты
ма әлде салдық әдет,

Әйтеуір, дұшпаның да, іштарыңда

Жүгінбей
кеткен емес алдыңа кеп.

Еншіңе елден ерек тиіп ерлік,

Шарт сынар
шағынды да жиі көрдік.

Ағатай, жан едің-ау жасағанның

Біз үшін
бере салған сыйы дерлік.

Берсе деп қысылғанда өзіңіз дем,

Қауышам күніге бір сөзіңізбен.

Дарасыз, қайран Ғаба, сондықтан да

Барасыз бұл-бұл ұшып
көзімізден!.