ВЕРНУТЬСЯ

      Бісміллә! - деп,

бастайын бір сөз
басын,

босаң жырым
бозінгендей боздасын,

сұмдықты
емес,

шындықты айтам тағы да,

күлкіңізге қоса жұтып
көз жасын!

Көңілімнің
қуанышы, мұңы бар,

сүлдем құрып
жүрдім қанша, құрып әл,

тағы да айтам,

бәрін айтам солардың,

айналамның бірі ұқпаса,
бірі ұғар.

Мен ешкімге тас атпадым тасадан,

ағайынның болсын дедім басы аман.

Алдарында ақтарылсам соны айтып,

жалғыз өзің жар бола гөр, Жасаған!...

20 сәуір, 2006